Навигация
Келу ережелері

Ж. Үшкемпиров атындағы Жекпе-жек сарайының «JJ Fitness» фитнес орталығының

Мазмұны:

  1. Кіріспе;
  2. Жалпы ережелер;
  3. Жұмыс кестесі;
  4. Фитнес орталығына келу ережелері;
  5. Жаттығу залы;
  6. Бассейндер және сауналар;
  7. Кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың Фитнес орталығына келу ережелері;
  8. Жеңілдік санаты бойынша Фитнес орталығына келу ережелері;
  9. Жалпы ережелер;
  10. Жеңілдіктер жүйесі.

1. Кіріспе

Осы Ережелер «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының «JJ Fitness» фитнес орталығына (ары қарай – Фитнес орталығы) келетін тұлғаларға барынша қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау үшін және тиімді жаттығулар мен спорт-сауықтыру бойынша оң нәтижеге қол жеткізу мақсатынды бекітілді.

Бұл Ережелер жеке тұлғалалар (ары қарай - Келуші) мен Фитнес орталығы арасындағы қарым-қатынастарды реттейді және Фитнес орталығы аумағындағы барлық тұлғаларға міндетті болып табылады. Абонемент картасын сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасу алдында Келуші осы Ережелермен және Фитнес орталығы әкімшілігінің басқа да шешімдерімен мұқият танысуы қажет. Аталған Ережелер Фитнес орталығының қабылдау залындағы ақпараттық тақтада орналастырылған.

Фитнес орталығының келушілері мен қызметкерлері қатаң түрде осы Ережелер мен техникалық қауіпсіздік ережелерін, тазалықты, қоғамдық тәртіпті сақтай отыра, өзара сыпайы болып, құрал-жабдықтарға ұқыпты қарауы қажет.

2. Жалпы ережелер

Фитнес орталығының қызметтері Келуші мен Фитнес орталығы әкімшілігі арасында жасалған келісімшарт немесе бір реттік абонемент негізінде көрсетіледі. Қызметтер жинағында бекітілген бағатізбеге сәйкес, өзінің белгілі шарттары мен мерзімі бар абонементтік карталардың бірнеше түрі қарастырылған.

Фитнес орталығы жаттығу залымен, ересектер мен балаларға арналған бассейндермен, екі түрлі саунамен (фин саунасы мен хамам) жабдықталған. Көрсетілетін қызметтер тізімі: жаттығу залына, бассейнге бару, сауналар, шешінетін бөлмелермен, душпен, киім ілетін шкафтармен пайдалану, жаттығу залы мен бассейн бойынша таныстыру нұсқамасын өткізу.

Нұсқаушымен жеке сабақ, топтық сабақ, сонымен қатар басқа да қосымша қызметтер ақылы болып табылады.

Осы Ережеге Фитнес орталығының әкімшілігі қажетті жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

Абонемент 14 жасқа толған тұлғаларға сатылады.

3. Жұмыс кестесі

Апта күндері

Статус

Ашылуы

Жабылуы

дүйсенбі

жабық



сейсенбі

ашық

7:00

23:00

сәрсенбі

ашық

7:00

23:00

бейсенбі

ашық

7:00

23:00

жұма

ашық

7:00

23:00

сенбі

ашық

7:00

23:00

жексенбі

ашық

7:00

23:00

Ескерту:

Әр дүйсенбі күні фитнес орталығы санитарлық күнге жабық.

Уақыт бойынша шектеу: фитнес орталығына соңғы келу уақыты сағат 21:00 дейін.

Фитнес орталығына абонементтің барлық түрлері бойынша келушілерге бір рет қызмет көрсету ұзақтығы 3 сағатқа дейін.        

Абонемент картасы үшінші тұлғаға берілмейді. Қонақ тек қана абонемент иемденушісімен бірге келе алады.

Gold, Platinum абонемент карталарының қызметін уақытша тоқтату Келушінің Фитнес орталығы директорының атына жазылған өтініші бойынша жүзеге асырылады. Абонеметтік карталардың қызметін уақытша тоқтатудың максималды мерзімі 30 күнтізбелік күн. Bronze және Silver абонемент карталарының қызметі уақытша тоқтатылмайды.

Бір ересек адаммен 7 жасқа дейінгі 2 бала ғана кіре алады. Абонемент карталарының барлық түрінің қызмет көрсету мерзімі ұзартылуға жатпайды.

Егер Келуші өз еркімен жарамды абонемент картасын қолданудан бас тартса, қолданылмаған күндер үшін ақша қайтарылмайды. Жаттығулар мен спорт секциясының сабақтары Фитнес орталығының жабылуына 30 минут қалғанда аяқталады (22:30).

Фитнес орталығының әкімшілігі қызмет көрсетуді ішінара немесе толық тоқтатуға құқылы.

Жұмыс кестесінің, бағатізбенің, көрсетілетін қызметтер мен акциялар туралы ақпарат ақпарат тақтасында және Instagram-да jekpe_jek.kz парақшасында жарияланады.

4. Фитнес орталығына келу ережелері

Келуші Фитнес орталығына кіру үшін бекітілген бағатізбеге сәйкес, абонемент картасы бойынша қызмет көрсету сатып ала алады. Абонемент картасы Фитнес орталығына кіре берісте әкімшілікке ұсынатын рұқсаттама болып табылады. Егер абонемент картасы болмаса, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Киім ауыстыратын бөлмедегі шкафтың кілті тіркелгеннен кейін абонемент картасына айырбас ретінде беріледі.

Келуші өз денсаулығына дербес жауапты, сондықтан Фитнес орталығында болған кезде жағдайының нашарлауы туралы Фитнес орталығының қызметкерлеріне дереу хабарлауға және дене шынықтыру мен спортпен айналысуға кез-келген шектеу туралы алдын-ала хабардар етуге міндетті.

Фитнес орталғына келетін балалардың өмірі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін олардың ата-аналары немесе бірге келген ересек адамдар жауапты болып табылады.

Келуші дене гигиенасы мен эстетикасының жалпы нормаларын сақтап, бассейнге барар алдында және саунадан кейін душ қабылдап, жаттығу залында спорттық киім киіп, қажет жағдайда сүлгі қолдануы қажет.

Абонемент картасын қолданушыларға және бір реттік келу қызметін пайдаланушыларға қабылдау залында бір рет келгенде бір сүлгі беріледі.

Ішімдікке, есірткіге мас болған күйде немесе ішімдікке мас болудан қалған күйде бассейнде және жаттығу залында жаттығу өткізуге қатаң тыйым салынады. Қолданылған суға арналған стакандарды арнайы қоқыс жәшігіне тастау керек, су диспенсерінің, үстелдің, орындықтың үстінде қалдыруға болмайды, т.б. Фитнес орталығынан шықпас бұрын киім ілетін шкафтың кілтін әкімшілікке тапсырып, сүлгілерді қабылдау залында орналасқан арнайы жәшікке тастау керек.

Егер ұмытып кеткен затты тауып алсаңыз, әкімшілікке хабарлау керек. Жоғалған затты сақтау мерзімі – 7 күн.

Жоғалтқан заттар үшін әкімшілік жауап бермейді.

Келуші Фитнес орталығының мүлкін бүлдіріп, зиян келтіргені үшін материалдық жауапқа тартылады. Фитнес орталығына келтірілген зиян мен мүлкін бұзып, бүлдіргені немесе жоғалтқаны үшін бекітілген бағатізбеге сәйкес келушіден төлем алынады:

1) халатты бүлдіргені үшін – 15 000 тг.;

2) монша сүлгісін бүлдіргені үшін – 10 000 тг.;

3) бет сүлгісін бүлдіргені – 5 000 тг.;

4) киім ілетін шкафтың кілтін бұзғаны немесе жоғалтқаны үшін – 5 000 тг.;

5) гардероб нөмірін жоғалтқаны үшін – 2 000 тг.

Фитнес орталығының әкімшілігі келтірілген залал толық өтелгенше абонементтік карта қызметін уақытша тоқтатуға (толық жоюға) құқылы.

7 жасқа дейінгі балаларға сүлгі берілмейді.

5. Жаттығу залы

Келуші жаттығуды бастамас бұрын міндетті түрде таныстыру нұсқамасынан өту керек. Таныстыру нұсқамасын өткізу барысында жаттықтырушы сізді жаттығу негіздерімен, техникалық қауіпсіздік ережелерімен, залдағы құрал-жабдықтармен, жаттығу аппаратnарын қолданудың негізгі ережелерімен, жаттығу орындау техникасымен және реттілігімен таныстырады.

Фитнес орталығы жаттығу залында жаттығу қызметін көрсетер кезде Келушінің денсаулығында дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы ақаулар жоқ екенін негізге алады. Егер Келуші жаттығу аппараттарын нұсқаулық бойынша дұрыс қолданбау салдарынан денсаулығына зиян келтіріп алған жағдайда Фитнес орталығы жауап бермейді.

Келушілер өз дайындығының деңгейіне сай құрал-жабдықтарды, жаттығу қарқындылығы мен ұзақтығын таңдай отыра, жаттығу аппараттарды нұсқаулыққа сәйкес қолдану керек.

Жаттығу залындағы сабақтарға ыңғайлы спорт киімі мен аяқ-киім кию керек (футболка, спорттық шалбар, кроссовки).

Жеке гигиена ережелерін сақтап, өткір иісі бар иіссу қолданбау керек.

Жаттығу залына өзімен сөмке, бағалы заттар әкелуге болмайды. Фитнес орталығы олардың сақталуына жауап бермейді.

Жаттығу сабақтарын жеңіл сергітуден бастаған жөн. Жаттығуды жасаған кезде дұрыс техникада орындалуын және спорттық құрал-жабдықтың мақсатына сай қолданылуын қадағалау қажет.

Жалаң аяқ, шұлғымен, жағажайға немесе үйге арналған тәпішкемен жаттығу жасауға тыйым салынады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін спорттық жабдықты арнайы анықталған орнына қою қажет. Жаттығу залында максималды салмақты қолдануды көздейтін жаттығуларды тек фитнес орталығының нұсқаушысының бақылауымен орындау керек. Штанганы құлыпсыз көтеруге тыйым салынады.

Жеке сабақтардың шарттары мен өткізілу ретін Әкімшілік анықтайды және тек қана Фитнес орталығының нұсқаушысымен ғана өткізіледі. Жүзу, жаттығу сабақтарына жазылу Әкімшілік арқылы жүзеге асырылады.

Егер Келуші жеке сабаққа кешігіп келсе, сол кешіккен уақытқа сабақтың ұзақтығы қысқартылады. Жеке сабақты ақысын сақтай отыра уақытын ауыстыру жаттықтырушыға сабақ басталарға кем дегенде бір күн қалғанда хабардар еткен жағдайда мүмкін.

Қолданылмаған жаттығу сабақтарының ақшасы қайтарылмайды.

Жаттығу залында тыйым салынады:

1) жазылмаған жарақаттар болғанда және жалпы жағдайы нашарлап тұрғанда жаттығуға;

2) табаны матадан жасалған, өкшесі биік, тікенегі бар немесе ашық (тәпішке, жағажай аяқ киімі) аяқ киім киюге;

3) жалаңаш денемен жаттығуға;

4) сынып тұрған жаттығу аппаратын қолдануға;

5) электр көзіне қосылып тұрған жаттығу аппараттарына суы бар шөлмек қоюға; жаттығу аппараттарын орнынан жылжытуға;

6) залдағы ауа баптайтын, желдететін, музыкалық сүйемелдейтін құрылғыларды дербес реттеуге.

Жаттығу кезінде қауіп төндіретін заттарды (сағат, үлкен сырға, т.б.) өзінен шешіп тастап, қалтадан үшкір заттарды алып тастаған абзал.

6. Бассейндер мен сауналар

Бассейнге түсер алдында:

1) ыңғайлы жүзу үшін соңғы тағам қабылдау кем дегенде 1,5 сағат бұрын болуы керек;

2) душ қабылдап, бет бояуын, кремді жуып тастап, теріден пластырь, таңғыш материалдарды алып тастау керек;

3) бүкіл денені жылыту, бұлшықеттердің серпінділігін арттыру және төмен температураға денені тез уйрету үшін сергіту жаттығуларды жасау.

Келуші міндетті түрде эпидемиологиялық ортасы тазалығын растайтын анықтама ұсынуы қажет (форма 037/у).

Келуші өзімен бірге шомылатын киім, арнайы бас киім және резина аяқ киім әкелуі тиіс. Саунадан кейін міндетті түрде душ қабылдап, бассейн мен сауна аумағында санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау керек. Егер Келуші жүзу білмесе, жүзу бойынша нұсқаушыға хабарлауы тиіс. Топтық сабақтарға қатысатын Келушілер бассейнге тек қана жүзу бойынша нұсқаушының жетекшілігімен түсе алады. 16 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздік сақтау үшін, қосымша құралдар беріледі (нудлы).

Пайдаланылмаған жаттығу қызметтері үшін ақшасы қайтарылмайды.

Бассейнде тыйым салынады:

1) жүгіруге, суды ластауға, бүйірден суға секіруге;

2) суда жүзуге арналған бас киімсіз жүруге;

3) косметикалық заттарды пайдалануға, бассейн мен сауна аумағында сынғыш ыдыстарды, заттарды қолдануға;

4) тамақ, сусындар әкелуге және оны тұтынуға;

5) балаға арналған арбаны кіргізуге;

6) Фитнес орталына басқа келушілермен жеке жаттығу сабақтарын өткізуге;

7) 14 жасқа дейінгі баланы ата-ананың немесе бірге келген ересек адамның қарауынсыз қалдыруға;

8) душ қабылдамай бассейнге кіруге;

9) жарық құрылғыларын, таразыларды, су диспенсерлерін, т.б. құрылғыларды қосып-өшіруге;

10) терезелерді арнайы электрсөндіргішпен ашып-жабуға;

11) электр розеткаларын пайдалануға қатаң тыйым салынады;

12) заттарды орнынан қозғауға (шезлонг, диспенсер т. б.).

Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік абонемент карта қызметін тоқтатуға құқылы.

Саунаны пайдаланушыларға ұсынымдар:

Саунада қатаң түрде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Максималды температура 90-100С және электрокаминдер сағат 07:00-ден 22:30 дейін находятся қосулы болады. Саунаға кіргенде Келуші өз денсаулығына өзі жауап береді.

Саунаға шомылатын киіммен кіріп, қажет жағдайда сүлгі және бас киім қолданылады. Бір кіргенде 8-12 минутқа кіріп, шыққанда 3-5 минуттан кем емес уақыт демалып, 2- 3 рет қайталап кіру керек. Саунаға қайта кіріп шыққаннан соң, дене біраз суығаннан кейін, біршама төмен температураның әсерін сезініп көруге болады (салқын душ).       

Саунаға кіруге тыйым салынады:

1) қан қысымының жоғары немесе төмен болғанда;

2) жүрек ауруларында;

3) бүйректің ауыр зақымы, жүйкенің зақымында;

4) дене температурасының жоғарылауымен жедел, созылмалы аурулар болғанда;

5) тері және венерологиялық аурулар болса;

Саунада тыйым салынады:

1) сыпырғышпен, ысқышпен, маска, скрабтармен, басқа да косметикалық заттармен қолдануға;

2) дене мен бет пилингін жасауға;

3) киім, сүлгіні кептіруге, өзінен кейін басқа да заттарды қалдырып кетуге;

4) сауналар мен бу генераторларының электр жабдықтарының панельдері мен электр қалқандарында режимдерді қосу, өшіру және реттеу бойынша іс-шараларды орындауға;

5) тасы бар электр пешіне су қуюға. Бұл жағдайда Келуші өзін-өзі термиялық күйік алу, тоққа түсу сияқты қауіп-қатерге тіге отыра, электркаминның жылытқышын зақымдайды. Бұл әрекеттер Фитнес орталығының мүлкін бұзу болып саналады және айыппұл салынады.

7. Кәмелетке толмаған тұлғалардың Фитнес орталығына келуі

Ата-аналар мен ертіп жүруші адамдар Фитнес орталығының аумағында, атап айтқанда бассейндер мен сауналар аумағында баланың (балалардың) қауіпсіздігі үшін толық жауапты болады.

14 жасқа толмаған балаларға ересектердің қадағалауынсыз фитнес орталығына бару тыйым салынады.

14 жасқа толмаған балаларға жаттығу залына кіруга қатаң тыйым салынады.

Бассейнге барар алдында және саунадан кейін душ қабылдау міндетті.

Бассейнге шомылу киімі, жүзуге арналған бас киім және арнайы ауыстырылатын аяқ киім болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Бір ересек Келушімен туу туралы куәлігін ұсына отырып, 14 жасқа толмаған 2 бала ғана кіре алады.

7 жасқа толмаған балаларға Фитнес орталығына кіру тегін.

3 жастан бастап балалар ересектермен бірге киім ауыстыратын шкафтарды жыныстық сипаттамаларына сәйкес қолдануы керек.

8. Жеңілдік санаты бойынша Фитнес орталығына кіру

14 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының немесе басқа ересек тұлғаның ертуімен ғана кіре алады.

Көп балалы отбасылардың кіретін уақыты: сейсенбі – жұма аралығында жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00 дейін (кіру сағат 15:00 дейін).

I, II тобындағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың келу уақыты: сейсенбі – жұма аралығында жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00 дейін (кіру сағат 15:00 дейін).

9. Жалпы ережелер

Фитнес орталығы аумағында тыйым салынады:

1) темекі шегуге, мас күйде болуға, ішімдік ішуге, есірткі және рұқсат етілмеген дәрілер қолдануға;

2) өзімен бірге кез келген қарудың түрін әкелуге;

3) жаттығуға арналған фитнес аймақтарында, бассейн мен сауналар, демалыс аймағы мен шешінетін бөлмелерде өзімен тамақ пен сусындар әкелуге және тұтынуға;

4) музыкалық және басқа да құрылғыларды дербес пайдалануға;

5) топтық сабақтарға арналған залдарда өз бетінде орындарға резерв жасауға;

6) Фитнес орталығының басқа да келушілерімен дербес сабақ өткізуге;

7) арнайы шақыруы бар кездерді ескермегенде, қызметкерлерге арналған аумаққа кіруге;

8) Әкімшілікпен келіспей бейне, фото түсірілімдер жасауға;

9) қатты және агрессивті сөйлесуге, балағат сөздерді қолдануға;

10) Әкімшілікпен келісілмеген кез келген қоғамдық әрекеттерді (бүктемелер тарату, көрнекі үгіт, жарнамалық науқандар) жүргізуге.

Әкімшілік осы Ережелер талаптарын бұзған азаматтарға төленген ақшалай қаражаттарын қайтармай, қызмет көрсетуден бас тартуға немесе Фитнес орталығының аумағынан шығарып жеруге құқылы.

Қала билігінің жөндеу және маусымдық профилактикалық жұмыстарын өткізуінен туындаған пайда болған техникалық қолайсыздық үшін Фитнес орталығының әкімшілігі жауап бермейді. 

10. Жеңілдіктер жүйесі

7 жасқа дейінгі және көпбалалы отбасының (18 жасқа толмаған) балаларына, оны растайтын құжаттарымен кіру тегін.

І және ІІ топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар (+ ертіп келушісі) үшін растайтын құжаттарымен кіру тегін. Нұсқаушымен жеке жаттығуларға жеңілдіктер жоқ.

Бекітілген бағатізбеге сәйкес 50% жеңілдік тек абонементтер мен бір реттік келу қызметін сатып алушыларға беріледі:

1) 7 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға Фитнес орталығына 3 сағаттық бір рет келуге (5000 теңгенің орнына 2500 теңге);

2) мектептен анықтамасы бар 14 жастан асқан оқушыларға;

3) 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімнің студенттеріне растайтын құжаттары болған жағдайда;

4) растайтын құжаттары бар зейнеткерлерге.;

5) көпбалалы отбасының 1 ата-анасына фитнес орталығына 3 сағаттық бір реттік келу қызметін сатып алу үшін.