Медициналық орталық
Спорттық нысандағы медициналық мекеме спортшылар мен іс-шараға қатысушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін медициналық пунктте жалпы ауданы 38,4 м2 болатын барлық жағдай жасалған тиісті кабинет бар. Ол медициналық көмек алуға және көрсетуге арналған бөлмелермен, тиісті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмек кешенімен және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ физиотерапия және массаж кабинеттері мен психолог кабинеті бар.
Физиотерапия кабинетінің ауданы: 42,9 м2;
Массаж бөлмесінің ауданы: 25,9 м2.