Навигация

№13 орта мектеп оқушылары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады

№13 орта мектеп оқушылары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады

2 желтоқсан күні, Астана қаласындағы спорт кешендерін оқушылар арасында насихаттау жұмыстары аясында №13 орта мектеп оқушылары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды.

Экскурсия барысында оқушылар спорт сарайының жалпы аумағымен танысып, арена мен жаттығу залдарын көрді.

Сапар соныңда Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы объектісіне қызмет көрсету және

пайдалану қызметі жөніндегі бас инженері Жайлубаев Сергей Александрович және спорт түрлері бойынша әдіскер Көпжасар Дидар дәріс өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды спорттық және техникалық салаларда дамуға шабыттандырды. Оқушалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Айта кетейік, атақты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің атымен аталған бұл заманауи спорт кешені жекпе-жектің әртүрлі түрлерін дамыту, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау және түрлі іс-шараларды өткізу ісінде таптырмас орталық болып табылады.