2025 жылғы 14 қыркүйекте жылдың ең жарқын музыкалық оқиғаларының бірі өтеді. Жаңа толқынның ең танымал орындаушыларының бірі JONY-дың үлкен концерті - Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының сахнасында!
Әртіс өзінің ең танымал хиттерін орындайды:
«Комета», «Аллея», «Пустота», «Ты беспощадна», «Лали», «Никак», «Без тебя я не я», «Небо» және тағы басқа көптеген әндер. Бұл әндерді бүкіл әлем бойынша миллиондаған тыңдармандар біледі әрі бірге айтады.
JONY — бірнеше музыкалық марапаттардың иегері, “Жара Music Awards”, “Песня года” премияларының финалисі, YouTube, Apple Music және Spotify чарттарын бағындырған әртіс. Оның музыкасы шығыстың сезімталдығын, заманауи ырғақты және шынайы лириканы үйлестіреді.