Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі қалай өтіп жатыр?

Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі қалай өтіп жатыр?

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирінің ашылу салтанаты қарсаңында белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Толепов жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Ол бұл турнирдің еліміздегі спорттың дамуына, халықаралық аренадағы беделінің артуына қосар үлесі зор екенін айтты. Сондай-ақ, актер барлық қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға, төрешілерге және жанкүйерлерге көрсеткен қолдаулары үшін шынайы алғысын білдірді.