Бүгін Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті. Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.
Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты.
Турнирге Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок және медальмен марапатталды.