Құрметті Отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтар үшін кәсіби мереке ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттайтын ерекше күн.
Бүгінгі күні Қазақстанда спорт – ұлт денсаулығының кепілі, ел мерейін асыратын маңызды сала.
Спортшыларымыздың халықаралық ареналарда жеткен жетістіктері – халықтың мақтанышы, ал жаттықтырушылар мен мамандардың еңбегі – ерекше құрметке лайық.
Спорт күні құтты болсын!