Астанада күрес түрлерінен «CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысы өтеді

Астанада күрес түрлерінен «CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысы өтеді

Астанада ел орда күніне орай 8-11 шілде күндері аралығы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен кіші жасөспірімдер арасында «CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысы өтеді.

Аталған жарыс 4 спорт түрі грек-рим күресі - Кебіспаев лигасы, еркін күрес - Ниязбеков лигасы, дзюдо - Жұмақанов лигасы, қазақ күресі - Жақсылық Үшкемпіров лигасына бөлініп балдық бағалау жүйесімен ұйымдастырылады.

«CHEMPIONDAR LIGALARY» қатысушы спортшылар мен командаларға сәттілік тілейміз!