Chempiondar Ligalary жарысының II кезеңі өтеді

Chempiondar Ligalary жарысының II кезеңі өтеді

24–28 қыркүйек аралығында Астана қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында республикалық Chempiondar Ligalary жарысының II кезеңі өтеді.

Бұл дода грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресі бойынша өткізіліп, еліміздің ең мықты спортшылары бас қосады.

Жарыстың мақсаты – жастардың дені сау, мықты азамат болып өсуіне ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бұқаралық спорт пен балалар спортын дамыту.

Барлық спорт сүйер қауымды ерекше тартысты жарыстарды тамашалауға шақырамыз!