Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1800-ден астам қатысушы қатысуда. Чемпионат барлық жас топтары - U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi бойынша өтіп жатыр.
Айта кетейік, елорда әлем чемпионатын үшінші рет өткізуде. 2018 жылы грэпплингтен әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтті. 2019 жылы ол грек-рим, еркін әйелдер күресі сияқты олимпиадалық пәндер бойынша әлем чемпионатының бағдарламасына кірді. Сондай-ақ, Қазақстан астанасы 2017 және 2023 жылдары Азия чемпионатын екі рет өткізді.