CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысының жабылу салтанаты

CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысының жабылу салтанаты

03 желтоқсан күні Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҚР Туризм және спорт министрлігінің және «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кіші жасөспірімдер арасындағы күрес түрлерінен «CHEMPIONDAR LIGALARY» жарысының жабылу салтанаты өтті.

Аталған жарыс 4 спорт түрі грек-рим күресі - Кебіспаев лигасы, еркін күрес - Ниязбеков лигасы, дзюдо - Жұмақанов лигасы, қазақ күресі - Жақсылық Үшкемпіров лигасына бөлініп балдық бағалау жүйесімен ұйымдастырылған болатын.