Астанада алғаш рет пара спортшылар арасында боччадан халықаралық турнир өтеді!

Астанада алғаш рет пара спортшылар арасында боччадан халықаралық турнир өтеді!

20–28 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында пара спортшылар арасында боччадан халықаралық турнир өтеді.

Жарысқа 12 елден 56-ға жуық спортшы қатысады. Бағдарламада жекелей, жұптық және командалық сайыстар қарастырылған.

Елорда атынан Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

  1. Итиана Керимовна
  2. Ерхат Алматұлы

Олар жекелей және командалық бәсекелерде өнер көрсетеді.

Аталған турнир 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, спортшыларға рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бочча елімізде 2018 жылы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың ата-аналарының бастамасымен дами бастады. 2021 жылы Қазақстан бочча федерациясы құрылып, спорт ресми деңгейге көтерілді.

Баршаңызды жарысқа келіп, жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырамыз.

Келіп, жерлестерімізге қолдау көрсетейік!