Құрметті келушілер!
Өздеріңіз білетіндей, фитнес-орталық уақытша жөндеу жұмыстарына жабылды. Қазіргі уақытта бассейндерді босату және тазалау, душ бөлмелеріндегі плиткаларды ауыстыру, дәліздер мен шешіну бөлмелерінің қабырғаларын жаңарту, сондай-ақ әйелдер фин саунасына толық гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Барлық жұмыстар сіздер үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Құрметпен, «JJ FITNESS» фитнес орталығының әкімшілігі