Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Қазақстанға сапармен келді

Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Қазақстанға сапармен келді

Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Астананың негізгі спорт нысандарына барып, олардың қызметімен танысты.

Сапардың алғашқы пункті 2019 жылы ашылған Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы болды.

Бұл бірегей спорт нысаны грек-рим, еркін және әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо және аралас жекпе-жек сияқты спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге қажетті заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған.

Таныстыру сапары барысында перспективалы балуандармен және жетекші қазақстандық спортшылармен кездесу өтті, олардың арасында Париждегі Олимпиада ойындарының және қола жүлдегері Гусман Қырғызбаев, Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Әбиба Әбужақынова, сондай-ақ 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков болды. Қатысушылар Қазақстанда дзюдоны дамытудың және оны халықаралық аренада ілгерілетудің өзекті мәселелерін көтерді.

Қазақстанда дзюдо дамытудың өзекті мәселелерін қызу талқылағаннан кейін спортшылар жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Балалар атақты чемпиондардың жаттығуларын көріп қана қоймай, олардан құнды дағдылар мен техниканы алуға ерекше мүмкіндік алды.