Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті Абылай Қайыржановтың түсірілім командасымен, Qazaq kuresi ассоциациясының қолдауымен Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2025 жылы әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін тұңғыш Әлем чемпионатының бейнеролигін түсірді.
Qazaq kuresi оқу бағдарламасы бойынша оқып жатқан Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы студенттері түсірілімге атсалысты.
Жетекшісі Спорттық білім беру және коучинг департаментінің директоры Даулет Нұрболатұлы.