Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен “CHEMPIONDAR LIGALARY” жарысы өтуде

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен “CHEMPIONDAR LIGALARY” жарысы өтуде

Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен “CHEMPIONDAR LIGALARY” жарысы өтуде.

Аталған жарыс 4 спорт түрі грек-рим күресі - Кебіспаев лигасы, еркін күрес - Ниязбеков лигасы, дзюдо - Жұмақанов лигасы, қазақ күресі - Жақсылық Үшкемпіров лигасына бөлініп балдық бағалау жүйесімен ұйымдастырылуда. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша 3 күн бойы мықтыны анықтайды.