Бүгін Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Боччадан ҚР Кубогы өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Сенат төрағасы және ҚР Бочча федерациясының президенті Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, ҚР Туризм және Спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов қатысты. APEMS-тың бейімдеу дене шынықтыру және инклюзивті спорт бағытын оқытушысы, ҚР Бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Төленқызы Ульжекова белсенді APEMS студенттерімeн бірге осы инклюзивті спорттық іс-шараны жоғары деңгейде атқарды.