Садақ ату чемпионатының ашылу салтанаты

Садақ ату чемпионатының ашылу салтанаты

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында елорда тарихында алғаш рет ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының қысқы садақ ату чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Турнирге еліміздің 12 өңірінен 300-ден астам кәсіби спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары мен жүлдегерлері бар.

Чемпионат аясында жекелей және командалық жарыстар бойынша 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады.