Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағип жандар арасында самбодан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов, халықаралық самбо федерациясының президенті Василий Шестаков, Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Биылғы самбо бәсекесіне әлемнің 80 мемлекетінен 470 спортшы жиналды. Ал еліміздің намысын 28 спортшы қорғайды.
10 қарашаға дейін жалғасатын айтулы додада спорттық және жауынгерлік самбодан бөлек, зағип жандар (SVI-1) да жалпы 31 жүлде жиынтығын сарапқа салатын болады.